DOLAR 34,1026 0.24%
EURO 38,1457 0.1%
ALTIN 2.874,391,62
BITCOIN 21598401,07%
İstanbul
21°

PARÇALI BULUTLU

Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады
  • France Gezetesi
  • Siyaset
  • Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады

Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады

ABONE OL
15 Ocak 2023 10:01
Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады
0

BEĞENDİM

ABONE OL

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда

Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады

2023 жылғы

Мемлекет басшысына өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беріліп, осы жылға арналған жоспары таныстырылды.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық жағдай қалыптасқан. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және тұрғын үй құрылысы салаларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген.

Президентке инвестиция тарту жөніндегі шаралар туралы баяндалды. Өткізілген инвестициялық форумдардың нәтижесінде тек соңғы үш айда жалпы құны 3 триллион теңгеден асатын 12 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстары жандана түсті.

Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық жерлерді дамытуға қатысты Президент тапсырмасының орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Облыс әкімі өңірдегі 315 елді мекенді кешенді түрде дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Аймақта «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны қаржыландыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге, биыл қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінген.

Сонымен қатар «Білім All» жобасы аясында 10 мыңға жуық бала оқитын 120 шағын жинақты ауыл мектебінің білім сапасын арттыру шаралары қабылданып жатыр.

Кездесу соңында Президент өңір инфрақұрылымын дамыту және облыс тұрғындарын алаңдататын әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-aktobe-oblysynyn-akimi-eraly-togzhanovty-kabyldady-1203733

 

 


HIZLI YORUM YAP

SON DAKİKA HABERLERİ

Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.